Samsung Electronics Kazakhstan
ҚР ұялы телефон операторлары үшін қоңырау шалу тегін

7799

ҚР кез келген аймағынан тегін қоңырау шалу

8-10-800-500-55-500

«Samsung онлайн қызмет көрсету орталығын пайдаланушылар арасында жүлделер ұту ойыны» науқанын өткізу ережесі

1. Жалпы ережелер
1.1. Науқанның атауы: «Samsung онлайн қызмет көрсету орталығын пайдаланушылар арасында жүлделер ұту ойыны», әрі қарай – науқан.
1.2. Науқанның Ұйымдастырушысы: «Samsung Electronics Central Eurasia» ЖШС
1.3. Науқанды өткізу мерзімділігі: ай сайын.
1.4. Байқау өткізілетін аумақ: ҚР.
1.5. Науқанға 18 жасқа толған Қазақстан Республикасы азаматтары және Қазақстан Республикасында мекендеу қағазы бар тұлғалар ғана қатыса алады (әрі қарай – Қатысушылар).
1.6. Науқанға Байқауды Ұйымдастырушылардың қызметкерлері, олармен үлестес тұлғалар, олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ Байқауды ұйымдастыруға және өткізуге қатысы бар басқа да компания қызметкерлері қатыстырылмайды. Байқауға өзге мемлекеттің азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар қатыстырылмайды. 
1.7. Егер Қатысушы 1.5, 1.6-тармақтардың талаптарына сәйкес келмесе немесе оның іс-әрекеттерінен жеңіске жету үшін алақол әдіс-тәсілдерді пайдаланғаны байқалған жағдайда ұйымдастырушылар байқаудың кез келген нәтижелерінің қорытындысын жасаған кезде оның белсенділіктерін ескермеуге құқылы. 

2. Науқан шарттары
2.1. Науқанға қатысу үшін www.samsung-service.kz сайтының ережелеріне сәйкес өз өтініміңізді тіркеп, Samsung онлайн қызмет көрсету орталығының қызметтерін пайдалану қажет. Қажетті көмек алу үшін,өтініміңіздегі таңдаған қызмет көрсету орталығына баруыңыз тиіс.
2.2. Әр айдың соңында Қатысушылардың арасынан (жоғарыда аталған барлық шарттарды орындағандар) он жеңімпаз таңдалады. 
2.3. Жеңімпаздар кездейсоқ сандар генераторының көмегімен кездейсоқ таңдау арқылы анықталады. 
2.4. Бір адам бір рет қана жеңімпаз атана алады.   
2.5. Әр жеңімпаз «Меломан» сауда желісінің  бес мың теңге сомасына тең сертификатын алады. 
2.6. Ұтыс ойын нәтижелері айдың алғашқы он күнінде www.samsung-service.kz сайтына және Samsung-тің https://vk.com/samsungkazakhstan және https://www.facebook.com/SamsungMobileKazakhstan сияқты әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланады. 
2.7. Жүлделерді қайтаруға және айырбастауға болмайды, сондай-ақ олардың ақшалай баламасы берілмейді. Жүлдеден өз еркімен бас тартқан жағдайда Науқан жеңімпазы жүлдені алудан бас тарту туралы нотариалды түрде расталған өтінім әкеп беруге міндетті. 
2.8. Науқан жеңімпаздарына жеке электронды хабарлама арқылы хабарланады.
2.9. Жүлдені алу үшін жеңімпаз 2 аптаның ішінде ұтып алғаны туралы хабарламаға жауап беруі тиіс. Көрсетілген мерзімде жауап болмаса, ұйымдастырушы жүлдені бермей қоюға құқылы. 
2.10. Егер жеңімпаз Алматыда тұратын болса, өз жүлдесін жеңгені туралы хабарлама алған күннен бастап бір айдың ішінде алып кетуі тиіс. Егер алушы көрсетілген мерзімде келмесе, ұйымдастырушы жүлдені бермей қоюға құқылы. 
2.11. Егер жеңімпаз Алматыдан тысқары жерде тұратын болса, ұйымдастырушы жеңімпазға ұтысы туралы хабарлама жіберген күннен бастап бір айдың ішінде жүлдені жолдауға міндетті. Ұйымдастырушы өзіне байланысты емес себептер бойынша жеңімпаздың жүлдені ала алмауы үшін жауап бермейді. 
2.12. Ұйымдастырушыға байланысты емес себептер бойынша жүлдені алушыға жеткізудің мүмкін еместігінен жүлдені ұйымдастырушыға қайтарған жағдайда ұйымдастырушы жүлдені алып қалуға құқылы.
2.13. Жүлдені алған сәттен бастап оның иесі ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес барлық қолданыстағы салықтар мен өзге де міндетті төлемдерді төлегені үшін салықтық жауапкершілікте болады. Осы Байқауға қатысты барлық даулы мәселелер ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі. 
2.14. Байқауға қатысушы жүлде алған сәттен бастап оның кездейсоқ жоғалғаны немесе бүлінгені үшін жауапкершілікті өз мойнына алады. 

3. Өзге жағдайлар
3.1. Науқанға Қатысушылардың бәрі Науқанға қатыса отырып, Науқан ережелерімен келіседі, оларды сақтауға және орындауға міндеттенеді. Егер Қатысушы Байқау ережесін бұзса немесе жүлде алу үшін алаяқтық және/немесе алдау әрекетін жасаса, жүлде алу құқығынан айырылады. 
3.2. Науқанды өткізу нәтижелері түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды. 
3.3. Ұйымдастырушы алдын ала келіспей және Қатысушыларға хабарламай-ақ, осы Ережелерді өзгертуге және толықтыруға құқылы. 
3.4. Ұйымдастырушы Науқанды өткізу мерзімдерін ауыстырғаны үшін және өз құзіретінен тыс жағдайлардан туындаған басқа да өзгерістер үшін жауапты емес.